Жетісуда 40 млн теңгелік несие рәсімдеген алаяқ сотталды

28.11.2025

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: freepik.com

Жетісу облысында азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы олардың атына несиелер мен микронесиелер рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталды.

Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге және ақшалай қаражатты иемденуге пайдаланған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот  үкімі заңды күшіне енді.

Бүгін, 09:34

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью