Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

24.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Ашық дереккөз

Жабайы аңның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Видео авторының айтуынша, қонжық сағат таңғы 05:00 шамасында ауыл ішінде жүрген. Көліктен үріккен ол көше жағалап қашқан. 

Әкімдік өкілдері жануарды іздеу жұмыстары ұйымдастырылғанын растады. Операцияға полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары, орманшылар мен ветеринарлық станция қызметкерлері тартылған.

Жергілікті тұрғындарға сабыр сақтап, аю қайта көрінген жағдайда бірден тиісті орындарға хабарлау сұралды. Сонымен қатар іздеу тобы жануарға зиян келтіруге болмайтынын ескертті.

Әзірге қонжықтың далалы аймақта орналасқан аудан орталығына қалай келгені белгісіз. «Алтын-Емел» ұлттық паркі аумағы ауылдан ондаған шақырым жерде орналасқан.

Айта кетейік, Жапонияның ауылдық аймақтарында жабайы жануарлардан, әсіресе аюлардан қорғау үшін қасқыр бейнесіндегі роботтар қолданыла бастады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью