Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 7 наурыз күні болған. ТЖД мәліметіне сүйенсек, Панфилов ауданы Атамекен ауылдық округіндегі Алтынкөл көлінде балық аулау кезінде мұз жарылып, салдарынан бір адам мұз кесегімен бірге көлдің ортасына қарай ағып кеткені туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына Жетісу облысының ТЖД күштері мен құралдары, Жаркент қаласындағы №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Талдықорған қаласының жедел-құтқару жасағы, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің және Алматы облысы ТЖД құтқарушылары жіберілген.
"Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында мұз қайтадан жарылып, соның салдарынан Панфилов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Таранов Дамир Таиржанович қаза тапты". Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті (@112jetisu)
Департамен мәліметіне сүйенсек, Дамир Таранов (28.06.1994 – 07.03.2026) азаматтық қорғау жүйесіндегі еңбек жолын 2012 жылы Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу арқылы бастады. 2016 жылдан бастап өртке қарсы қызмет органдарында қызмет атқарып, Панфилов ауданы мен Қапшағай қаласының өрт сөндіру бөлімдерінде жауапты лауазымдарда еңбек етті.
Бұған дейін Шымбұлақта ресейлік сноубордшы жолдан шығып, жыраға құлап кеткенін жазғанбыз.