Жетісуда ирригация жүйелері жаңартылды

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Түркістан және Жетісу облыстары үшін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қосымша қолдау тетігі қарастырылады.

Жетісу облысына жасаған жұмыс сапарында Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев өкілетті орган өкілдеріне осындай тапсырма берді. Сонымен қатар су үнемдеу технологиясы енгізілген алқаптарды ұлғайтуды міндеттеп, көктемгі егіс науқанына дайындықты пысықтады. Ирригациялық жүйелерді жаңғырту жұмыстарымен де танысты.

Кейінгі екі жылда Көксу ауданында 100 шақырымға жуық ирригациялық жүйе жаңартылды. Осының арқасында 6 мың гектар егістік алқапқа тіршілік нәрі тоқтаусыз жететін болды. Қазір арық-атыздарды ауыстырудың екінші кезеңі жүріп жатыр. Мұндай жұмыстар Ақсу ауданында да қолға алынған.

Медет Керімжанов, "Қазсушар" РМК ОФ директорының м. а.:

- Осы жобалардың арқасында Ақсу және Көксу ауданында 26 мың гектар суару жүйелері жақсарып, Ақсу ауданының Қызылағаш алқабында 3 мыңнана астам суармалы жер жаңадан айналымға қосылады. Келесі кезеңде бізде Алакөл ауданының бірінші екінші кезеңі «Ислам» даму банкі арқылы қаржыландыру жоспарлануда. Жалпы инвестиция көлемі 78 млрдтан астам. 

Жетісу облысының диқандары көктемгі науқанға дайындалып жатыр. Жазда егістікке қажет тіршілік нәрін олар ірілі-ұсақты 14 өзеннен алады. Былтыр ағын сулардың деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайған. Осы себепті 37 мың гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесі енгізілді. Енді бірнеше тоспа салу көзделіп отыр.

Нұрдәулет Кененбаев, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Су тапышылығына байланысты біз 8 су қоймасын салуымыз қажет. Осы кезе ТЭН дайындалған сараптамадан өтуде. Жалпы  29 жылға дейін су шаруашалығын дамыту бойынша кешенді жоспар бекітілген. Сол бойынша 335 млрд теңгені құрайтын 37 нысанымыз  кіріп отыр. Бүгінгі күні әр нысан бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аталған нысандар алдағы төрт жылда тұрғызылып, екі мың шақырым канал жаңартылуы тиіс. Сонда 70 мың гектар жердің суару жүйесі жақсарып, 10 мың га алқап егістік айналымға енеді. Қанат Бозымбаев азық-түлік қауіпсіздігін ескеріп, жоспарланған жұмыстарды уақытылы аяқтау қажеттігін атап өтті.

Жетісу облысының әкімдігі Су ресурстары және ирригациялық  министрлігімен бірігіп аталған жобалардың сапалы жүзеге асуын қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар суармалы алқаптарды белсенді түрде кеңейтіп, мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауына атап өткендей судың «қара нарығы» толық жойылуы тиіс.

Жетісу облысында биыл «Ауыл аманатымен» 5 млрд теңге бөлініп, 400 шаруашылыққа жеңілдетілген несие беріледі. Қанат Бозымбаев бағдарлама аясын кеңейтіп, қосымша қолдау тетігін әзірлеуді тапсырды.

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев, Жеңіс Әбдірешов

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью