Жетісуда полицейді ұрған ер адам сотталды

13.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Жетісу облысында полиция қызметкеріне жұдырық жұмсаған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Оқиға Үштөбе қаласында болған. "102" пультіне түскен шақырту бойынша барған полицияға ер адам күш қолданған.

"Заң талаптарын орындаудың орнына, ер адам агрессия танытып, полиция қызметкерінің бетінен алақанмен ұрған. Қызметтік бейнежетонын жұлып алып, погонын бүлдірген", - дейді прокуратура.

Абырой болғанда полицей қатты зардап шекпеген. Бұзақының 2 жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ мәжбүрлі еңбекке тартылды. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық көлемде өндірілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью