Жетісуда қызды аңдып, куәгерге пышақ кезенген ер адам жазадан босатылды

09.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: istockphoto.com

Тергеу мәліметінше, Алакөл ауданының тұрғыны бірнеше ай бойы қызды аңдып, сезімін білдіріп қыр соңынан қалмаған. Бойжеткеннің қарсылығына қарамастан әлеуметтік желілер арқылы мазалап, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Сот дерегіне сәйкес, мұндай әрекеттер жәбірленушінің бойында қорқыныш пен алаңдаушылық тудырған.

Кейін жағдай ушығып, ер адам дүкендердің бірінде қызға тіл тигізген. Оқиғаға куә болған азамат қызға араша түскен сәтте оны пышақпен қорқытқан. Көп ұзамай оны полиция қызметкерлері ұстады.

«Кешенді психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, айыпталушы «Параноидты шизофрения» диагнозымен психикалық ауруға шалдыққан. Сарапшылар оның қоғамдық қауіпті іс-әрекеттерді жасаған кезде өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмағанын және оларды басқара алмағанын анықтаған», делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде Алакөл аудандық соты оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарға мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады.

Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты

Еске сала кетейік, елімізде сталкинг үшін 200 АЕК-ке дейін (865 мың теңге) айыппұл қарастырылған. Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қайталанған сталкингтік әрекеттер үшін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілетінін мәлімдеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью