Жетісуда сегіз медициналық нысан ашылды

24.10.2025

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Республика күні қарсаңында Жетісу облысында Президент тапсырмасымен сегіз жаңа медициналық нысан қолданысқа берілді. Бүгінде Жалғызағаш, Қайнар, Сарытөбе, Жаңалық, Қаратал, Оян, Жайпақ және Қайнар ауылдарында денсаулық сақтау мекемелері бой көтерді. Нәтижесінде шалғайдағы 4 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендер  медициналық көмекке қол жеткізді.

Айта кеткен жөн, өңірде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 18 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұған Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге қаражат бөлді.

 Сая Мазабаева, Жайпақ ауылдық дәрігерлік амбулатория меңгерушісі:

- Менің меңгеруші болып қызмет істегеніме 20 жыл болды. Бүгін міне, біз үлкен қуанышқа кенеліп отырмыз. Бұл ғимаратымыз қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынып отыр. Заманауи жаңа ғимарат медициналық аппараттармен жабдықталған.

 Шарабал Ысқақова, Қайнар ауылының тұрғыны:

 - Ауылымызда денсаулығы жоқ қарттар, есепте тұрған адамдар, жас балалар денсаулығына байланысты қаралуына жан-жақты жағдай жасалған, заманауи тұрғыда салынған фельдшерлік-акушерлік пункттің бой көтергеніне өте қуаныштымыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью