Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жетісу облысында жас кәсіпкер Ерболат Еренталов қолдан пісірілетін, ашытқы қоспасыз дайындалатын пайдалы нан өндірісін ашқан. Мамандығы экономист болса да, ол наубайшылықты өз бетінше меңгеріп, қазіргі таңда жеті түрлі өнім шығарады. Бүгінде зауытта күніне шамамен 350 өнім өндіріліп, облыс орталығындағы 25 дүкенге жеткізіледі. Ерболат алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, ассортиментті кеңейтіп, республикалық деңгейге шығуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 жасынан кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан Ерболат Талдықорған қаласының нарығын зерттеп, қол наны өндірісін қолға алуға бел буған. Алты ай бойы Алматыда тәжірибе жинап, нағыз үй нанының дәмін беретін технологияны үйренеді.
Ішкі саудаға серпін: Кәсіпкерлерге 4,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді
«Нан өндірісінде жаңалық ашу мүмкін емес сияқты көрінгенімен, біз баршаға таныс өнімді табиғи әрі пайдалы ете аламыз. Құпиямыз – тек табиғи ашытқы мен қоспасыз ингредиенттерді қолдану. Қазіргі таңда тұрақты түрде алты адам еңбек етеді, барлығымыз бірігіп өнімді кеңейтудің жолын іздеп жатырмыз», дейді жас кәсіпкер.
Қазіргі таңда кәсіпорында жергілікті ұнды пайдалана отырып, күніне 350-ге жуық өнім дайындалады. Дайын өнім облыс орталығындағы 25 дүкенге жеткізіледі. Наубайхана қол ашытқысын пайдаланып, қамырды ұзақ уақыт бойы илеп, кеуекті әрі қытырлақ құрылымға ие өнім шығарады. Қолданылатын өнімдер қатарына тартин нан, дәнді және мүкжидек қосылған нан, дәнді багет, бородино және қара бидай нандары, сондай-ақ чиабатта мен қарақұмық чиабатта кіреді. Күн сайын 60 бөлке әлеуметтік нан да пісіріледі. Қажет болса, круассан, синнабон, самса және басқа да өнімдерді шығару мүмкіндігі бар.
Өнім қарқынды мұздату әдісінен өткізіледі, бұл оны алыс аймақтарға жеткізуге мүмкіндік береді. Ерболат наубайхананы облыстық және республикалық деңгейге шығару мақсатында сапалы әрі пайдалы өнім өндіруге барын салып келеді. Ол мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, өндірісті әрі қарай кеңейтуге дайын.
«Әр адам өз орнын тауып, табысқа жете алады. Ол үшін ісіңді сүйіп, жан-тәніңмен беріле жұмыс істеу қажет», дейді ол.
Ерболаттың талпынысы Талдықорған қаласындағы шағын және орта бизнестің дамуының жарқын мысалы болып отыр. Қазіргі кезде қалада 21 мың кәсіпкерлік субъекті жұмыс істеп, осы салада 40,9 мың адам еңбек етеді.
Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Соңғы жаңалықтар
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Министрлік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 12:50
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Қоғам • Бүгін, 12:09
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20