Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 29-30 маусым аралығында Жезқазған қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығу барысында қала аумағында автокөліктердің қозғалысына және тұрғындардың жүріп-тұруына уақытша шектеулер енгізіледі.
"Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", – делінген Ұлытау облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.
Айта кетейік, 5-30 маусым аралығында Қазақстан аумағында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының үйлестіруімен "Найза-Антитеррор-2026" республикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Осыған байланысты бұған дейін ҰҚК қазақстандықтарға арнайы ескерту жасаған болатын.