Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Салтанатты ашылу рәсімін Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов өткізіп, құтқарушыларға жаңа техника мен қызметтік пәтерлердің кілтін табыс етті.
Фото: ҚР ТЖММинистрдің айтуынша, нысанды іске қосу бөлімшелердің өрт пен төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындығын айтарлықтай арттырады. Өрт сөндіру бөлімі төрт шығуға арналған және қазіргі заманғы талаптарға толық сәйкес келеді.
Фото: ҚР ТЖМҒимаратта техникаға арналған бокстар, кезекші және оқу бөлмелері, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне арналған кабинеттер, демалыс бөлмелері мен диспетчерлік бөлме орналасқан. Жеке құрамға өтімділігі жоғары өрт сөндіру автоцистерналары, су айдындарында жұмыс істеуге арналған авариялық-құтқару машиналары мен моторлы қайықтар берілді.
Фото: ҚР ТЖМҚұтқарушыларға бөлім аумағында салынған қызметтік пәтерлердің кілті табыс етілді. Екі қабатты қызметтік үй барлық қажетті және жайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бөлім аумағында қазіргі заманғы спорт алаңы жабдықталған, ол құтқарушылардың дене шынықтыру дайындығын қамтамасыз етіп қана қоймай, балалардың ыңғайлы әрі қауіпсіз демалуы мен ойнауына жағдай жасайды.
Фото: ҚР ТЖМЖаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы Ұлытау облысының өртке қарсы инфрақұрылымын нығайтуда және халықты қорғау деңгейін арттыруда маңызды қадам болды.
Фото: ҚР ТЖМАйта кетейік, Ұлытау облысында Қазақстан ТЖМ бірінші авиациялық жасағы пайдалануға берілді.