Жезқазғанда қоқыс полигонының жай күйі қандай?

04.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жезқазғанда қоқыс полигоны лық толы. Өткен ғасырдың 60-жылдары салынған нысан санитарлық және экологиялық талаптарға мүлде сәйкес келмейді. Қала билігі мәселені қалай шешпек? 

Елдос Кәкенов, тілші

- Жезқазғанға қоқыс төгетін жаңа полигонның қажеттігі көптен айтылып келеді. Себебі қазір қолданыстағы алаң экологиялық талапқа сай келмейді. Толып тұр.

Тау боп үйілген қоқыс қысы-жазы күнара өртеніп, одан тараған жағымсыз иіс қаланың орталығына дейін тарайды. Дегенмен, мұнда  әлі де күніне шамамен 150 тонна қоқыс төгіледі. Өйткені, қалада қалдық шығаратын басқа орын жоқ. Қазір менің жанымда қала әкімінің орынбасары Ербол Құсайынов тұр. Ербол мырза, полигондағы қоқысты жою немесе нысанды кеңейту жоспары жоқ па?

Елдос Кәкенов, тілші:

- Жаңа қоқыс полигоны жанынан салынатын шағын зауытта жылына 50 мың тонна қоқыс өңделеді. «Бұл өңірдің экологиялық ахуалына да оң әсер етеді», - дейді мамандар. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью