Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Аймақ басшысы Дастан Рыспеков облыс орталығы – Жезқазған қаласындағы Наурыз мерекесіне қатысып, өңір жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтады. Облыс орталығында 30-ға жуық киіз үй бой көтеріп, олардың арасында «Үздік киіз үй» байқауы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға ынталандыру сертификаттары табысталды. Жезқазғанның өзінде 40 мыңнан астам адам мерекелік шараларды тамашалады.
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі Фото: Ұлытау облысы әкімдігіМереке барысында жиналған қауымға Наурыз көже ұсынылып, ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татқандар ерекше көңіл күйге бөленді.
Сонымен қатар мекемелер мен кәсіпорындар арасында ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін сайыстар ұйымдастырылып, көпшілікке рухани тағылым сыйлады.
Фото: Үлытау облысы әкімдігі Фото: Ұлытау облысы әкімдігіЭтноауыл аумағында заманауи технологиялар да көрініс тапты. Атап айтқанда, жасанды интеллект негізінде әзірленген Digital Nauryz робот экспозициялары келушілердің қызығушылығын арттырып, мерекеге ерекше реңк берді.
Мерекелік шаралар аясында келушілерге Тайжан Қалмағамбетов атындағы облыстық филармония өнерпаздары мен Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.