Жезқазғаннан Сәтбаевқа дейін жүгіріп барып дауыс берді: марафоншылар елді таңғалдырды

15.03.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ұлытау облысында өткен республикалық референдум барысында бір топ марафоншы Жезқазған қаласынан Сәтбаев қаласына дейін жаяу жүгіріп өтіп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Спортшылар бірнеше ондаған шақырымды еңсеріп, Сәтбаев қаласындағы №47 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.

Марафоншылардың айтуынша, бұл бастама – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершілікті көрсетуге бағытталған.

Олардың бұл әрекеті тұрғындар тарапынан қолдау тауып, референдумға қатысудың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Айта кетейік, Ұлытау облысында референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Облыс тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью