Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
«Жезтабан» – кәдімгі робот ит. Қызылордадағы Қорқыт ата университетінің LUPIC командасы Астанада өткен «Alem TechFest» – 2026 республикалық технологиялық фестивалінде осы роботты жетілдіріп, айналаны барлап, кедергіден өте алатын «ойлы» құрылғыға айналдырған. Unitree Go2 роботына «жан бітіріп», «RoboCup Rescue» санатында бірінші орынды иеленген команда капитаны – университеттегі Жасанды интеллект институтының CPAI-24-1 студенті Ернұр Қанат. Жеңімпаз топ құрамында Аян Нұрлыбекұлы мен Дархан Серікбаев та бар.
Жарыста командаға бар болғаны үш күн беріліпті. Оның екі күні жобаны жасап, роботты сынақтан өткізген жастар қысқа уақыт ішінде «Жезтабанға» камера арқылы айналаны танып, кедергіні байқап, жолды өзі таңдауға мүмкіндік беретін алгоритм жазған.
«Жезтабан» жолынан жаңылмағанымен, бастапқыда алдындағы кедергі айналасындағы қуыстарға келгенде кідіріп қала беріпті. Әуелгіде мультимодальді жасанды интеллект моделін бұлт арқылы қолданып, үш түрлі трассаға жеке алгоритм мен функция дайындау жоспары да болғанмен жарыс кезінде интернеттің әлсіздігін ескеріп, тапқыр жастар кодтың маңызды бөлігін ғана өзгерте отырып, иттің «ойлануына» 1 секундтан уақыт беріп тұрды. Осылайша, «Жезтабан» әр кедергі алдында бағытын өзі тапты. ЖИ көзі арқылы робот тапсырманы жылдам орындады.
«Сынақ алдында «итіміз» жол аяғына жетпей қалса, бәрін қайтадан бастадық. Тіпті қонақүйде әр жерге үстел қойып, «Жезтабанды» жаттықтыра бердік. Тіпті таңды ұйқысыз қарсы алған кезіміз де болды. Жалпы өзіме Unitree Go2-нің камерасы ұнайды. Осы арқылы көптеген компьютерлік вижн мен фантастикалық жоба жасауға болады. Тағы бір тиімді тұсы – 4D lidar арқылы «итке» алдындағы заттарды немесе жолды «сезіну» мүшесін беруге болады. Осы жарыс мұндай роботтарды жетілдіріп, түрлі оқыс оқиғалар кезінде қауіпті аймақтарға жүк тасымалы мен адамдарды іздеуге, құтқаруға «жұмсауға» болатынын дәлелдеді деп ойлаймын. Операциялық жүйесіне кіріп, моторлар мен негізгі бағдарламалық бөлігіне өз логикасын енгізіп, «жан бітірген» итіміз шарты қиын үш трассаны өтті. «Жезтабанның» бұл жеңісі – ізденістің жемісі», дейді команда капитаны Ернұр Қанат.
Ернұрдың айуынша фестивальға қатысқан командалардың көпшілігі робот итті консоль арқылы қозғалтудан аспаған. Бұлардың негізгі қарсыластары SDU University командасы болыпты. Олар да роботты барынша жетілдіруге тырысыпты. Бірақ екінші трассаға келгенде иттері дұрыс өтпей қалған. «Олардың еңбектері зор болды, сондай беделді университеттің студенттерімен кездесіп, бәсекелес болғанымызды мақтан тұтамыз», дейді қызылордалық жастар.
Жобаны әзірлеуде жасанды интеллект құралдарының да көмегіне сүйенген жастар код жазуда «Gemini» мен «ChatGPT» жүйелерін пайдаланыпты. Ал негізгі шешімдер, тест нәтижелері мен бейімдеу жұмыстарын команда мүшелері өздері жасап шықты.
Қазір жеңімпаз «Жезтабан» жасанды интеллект арқылы өздігінен жүріп-тұра алады, ал команда осы бағыттағы ізденістерін жалғастыра береді.
Қызылорда
Соңғы жаңалықтар
Таразда екі зауыт іске қосылды
Өндіріс • Бүгін, 08:20
Көрме • Бүгін, 08:17
Суды үнемдеуге тиянақты көзқарас керек
Қоғам • Бүгін, 08:15
Коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту жалғасады
Саясат • Бүгін, 08:12
Аңдатпа • Бүгін, 08:10
Бауырлас елдердің байланысы беки түседі
Саясат • Бүгін, 08:07
Театр • Бүгін, 08:05
Қазақстан мен Перу арасындағы келісім заңмен бекітілді
Саясат • Бүгін, 08:02
Әлем • Бүгін, 08:00
Ынтымақтастықты арттыруға ынталы
Саясат • Бүгін, 07:58
Мирас • Бүгін, 07:55
Симпозиум қатысушыларына құттықтау жолдады
Саясат • Бүгін, 07:53
Өнер • Бүгін, 07:50
Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады
Экономика • Кеше