ЖИ агенттерінің жәрдемі

01.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кез келген инновациялық өнімнің өміршеңдігі оның өндіріске өткенінен көрінеді. Жасанды интеллектіге айрықша мән берген осы күні отандық жоғары оқу орындарында ізденушілер көптеп жаңашыл жобаларды жасап жүр. Кейбірі қолданысқа енгізіліп те үлгерген. Соның бірқатарына тоқталып көрдік.

Кәсіптік бағдар береді

Нарықтың сұранысы сәт са­й­­­ын құбылып тұрған кезеңде кәсіп таңдау, өз мамандығыңды табу оңай емес. Осы ретте жасанды интеллект көмекке келе алады. Бұған Ахмет Байтұрсын­ұлы атындағы Қостанай өңір­лік университетінің студенті Никита Очешлюк жасаған ЖИ агент түрткі болды. «AI-Sana» бағдарламасы аясында қолға алынған жоба мектеп оқушыларына бола­шақ маман­дықты таңдауға көмек­теседі. Әзірле­ме бірнеше дәлел­денген әдісте­мені біртұтас жүйеге біріктіре­ді. Жобаның негізгі артық­шы­лығының бірі – нәти­жені жедел ұсыну. 500-ден аса нұсқаны қам­ти­тын кіріктірілген деректер базасы арқылы жасанды интеллект қысқа уақытта қорытынды береді.

Аталған университеттегі «Цифр­лық технологиялар және жасанды интеллект» бөлімінің басшысы, жобаның ғылыми жетекшісі Қа­лыбек Мауленов жобаның идеясы мектеп оқушы­ларының нақты қажет­тілігінен туындағанын айтады. «Тәжі­ри­бе көрсеткендей, бір сынып­­тағы 25 оқушының тек 5-6-уы ғана болашақ мамандығын нақты ай­қын­­даған. Қалғандары ізденіс үстін­де. Осы­ған байланысты жасан­ды интел­лекті­нің мүмкіндігін пай­да­­ланып, оқушыларға маман­дық таң­д­ау үдерісіне саналы түрде қа­рау­ға көмек­тесуді көздедік», деді ол.

Жұмыс тек жоба күйінде қалып қоймай, қолданысқа ен­­гізу мақса­тын­да сынақтан да өткіз­ген. Мәсе­лен, Қостанай қаласын­дағы С.Мәуленов атындағы гимна­зиясының жоғары сынып оқушылары жасанды интеллект көмегімен кәсіптік бағдарлау тестілеуінен алғашқылардың бірі бо­лып өткен. Қанатқақты жоба­ға қа­тысқан мектеп оқушылары жаңа құралдың практикалық тиімділігін жоғары бағалаған.

Жобаның авторы Н.Очешлюктің айтуынша, жүйе бұрын жеке қол­данылып келген бес психологиялық және кәсіптік бағдарлау әдістемесіне негізделген. Барлық әдістеме цифр­лық форматқа бейімделіп, бір­тұ­тас зияткерлік талдау моделіне бірік­тірілген.

«Қосымша әдістемелер пайдала­ну­шының озық жақтары мен қабілетін және әлеуетті даму бағытын анықтау­ға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, оқушы тек ұсынылатын мамандықтар тізімін ғана емес, жеке ерекшелік­те­рін қамтитын кеңейтілген кәсіп­тік бағдарлау портретін алады. Бұл ретте жасанды интеллект психолог немесе мұғалімнің орнын баспайды. Керісінше, олардың жұмысын толықтырып, уақытты үнемдеуге, объективті талданған ақпарат ұсынуға жол ашады. ЖИ классикалық тесттерді де алмастырмайды, қайта олардың нәтижелерін бір сәтте біртұтас жүйеге біріктіреді. Алгоритм қолмен талдауда байқала бермейтін жасырын байланыстарды анықтайды. Мұндай терең талдаумен әр адам тәуліктің кез келген уақытында таныса алады», дейді студент.

Н.Очешлюк түсіндіргендей, ЖИ төреші емес, дәл навигатор ретінде жұмыс істейді, сондықтан соңғы таңдау әрдайым адамның өзіне тие­сілі. Қателесу қаупі барынша азай­тылған. Өйткені алгоритм тек дәлел­денген ғылыми әдістемелерге сүйенеді. Бот шешімді таңбайды, тек ең қолайлы нұсқалар аясын тарылтуға көмектеседі. Ең жақсысы, ЖИ-агент Telegram платформасында қазақ және орыс тілдерінде тегін қолдануға болады: @UniCareerKzBot, @UniCareerBot. 

Талаптыға «Talapker»

Кәсіптік бағдарлау кезеңінен сәтті өтіп, мектепті бітіргелі жүрген оқушы енді жоғары білім алуды көздейтіні анық. Ізденімпаз ізденушілер бұл кезеңді де жеделдету мен жеңілдетудің жолын та­уыпты. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарына түсуші талапкерлер мен олардың ата-аналары оқу бағдарламалары, құжат тапсыру тәр­тібі, оқу ақысы туралы нақты ақпарат­қа мұқтаж. Әсіресе жаз мезгілінде талапкерлердің көп болуына байланысты, бұл жағдай қабылдау комиссиясы қызметкерлеріне айтарлық­тай жүктеме түсіреді. Осы мәселені шешу мақсатында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қам­тамасыз ету» мамандығының 4-курс студенттері Дарина Есетова, Ділназ Өтегенова, Нұрдаулет Түгелов жасанды интеллект технология­сына негізделген «Talapker» жүйесін ұсын­ды. Жобаның негізгі қолдану аудито­риясы – талапкерлер, олардың ата-аналары, басқа университетке ауысқысы келетін сту­денттер, қабылдау комиссиясының қызметкерлері. Жүйе пайдаланушыларға автомат­тандырылған түрде кеңес беріп, ақпарат алмасу үдерісін жеңілдетеді.

Жоба авторларының бірі Дарина бізге баяндағандай, «Talapker» web-қосымшасы бірқатар маңызды функцияларды қамти­ды. «Біз әзірлеген AI кеңесші жүйесі жиі қойылатын сұ­рақтарға жауап береді (қажетті құ­­жаттар, қабылдау мерзімдері, оқу ақысы, жатақхана, әскери кафед­ра бо­йынша), құжат тапсыру үшін үйден онлайн брондауға, өтінімдердің мәртебесін бақылауға жағдай жасайды, мамандық таңдау бойынша ұсыныс береді. Сонымен қатар балл калькуляторы арқылы талапкерлер өз мүмкіндігін алдын ала баға­лай алады. Жүйеде хабарландыру, еске салу функциялары енгізілген, бұл маңызды мерзімдерді өткізіп алмауға көмектеседі. Техникалық тұрғы­­дан алғанда, жүйеде табиғи тілді өңдеу (NLP) технологиялары қолданылып, чат-бот, телег­рам бот модульдері арқылы пайда­ла­ну­­шымен интерактивті байланыс орнатыла­ды. Дыбыстық енгізу, көптілді қолдау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) жүйенің қолже­тім­ділігін арттырады», дейді студент Д.Өтегенова.

Жобаны енгізу нәтижесінде қабылдау комиссиясының жүктемесі төмендейді, ал өтінімдерді өңдеу уақыты екі есеге дейін қысқарады. Талапшыл студенттердің ғы­лыми жетекшісі, физика-математика ғы­лым­дарының кандидаты, А.Жұба­нов атын­да­ғы Ақтөбе өңірлік уни­верситетіндегі «Ин­фор­матика және ақпараттық технология­лар» кафед­расының аға оқытушысы Ерға­ли Құр­манғалиев жобаның тағы бір тиімді тұсына тоқталды. Оның айтуынша, «Talapker» жүйесінде ақпаратты өңдегенде адам фак­торынан туындайтын қателіктер азаяды.

«Бенчмаркинг нәтижелеріне сәйкес осындай жасанды интеллект негізіндегі жүйелер қабылдау үдерісін 30–60%-ға дейін жеделдетіп, пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін 85–90%-ға дейін арттырады. «Talapker» – білім саласындағы цифрлық трансформацияны жүзеге асыратын тиімді шешімдердің бірі. Жоба құжат қабылдау үдерісін жеңілдету арқылы қабылдау комис­сиясының қызмет сапасын арттырады, пайдаланушыларға ыңғайлы цифрлық орта қалыптастырады. Болашақта жүйені кеңейту, мобильді нұсқасын әзірлеу, ЖОО-ға құжатты қалаған жерден онлайн тапсыруға жеткізу жоспарланып жатыр», дейді Е.Құрманғалиев. 

Зиян затты анықтайтын жүйе

Өткенде «Қазақстан – академиялық білім аймағы» халықаралық страте­гиялық серіктестер форумының аясында студенттер әзірлеген ЖИ жобалар іріктеліп, үздіктер анықтал­ды. Сондағы үздік жобалардың бірі – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ сту­денттері Арман Ляйлиев пен Жания Жұмал әзірлеген жұмыс болды. Олар компьютерлік көру технологиясы арқылы қоқыс ағынындағы пластик заттарды анықтайтын жүйе жасап шығарды. Модель камерадан алынған бейнелерді талдап, нақты уақыт ре­жі­мінде пластиктің бар-жоғын анық­тайды әрі «RIC»жүйесі бойынша сұрыптауға мүмкіндік береді.

Жоба жетекшісі, Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ-ғы Жасанды интеллект технологиялары кафедрасының оқытушы­сы Рамазан Маратұлының айтуынша, қалдықтарды өңдеу тақы­рыбы қазіргі заманда экологиялық мәселелер тұр­ғысынан өзекті. Жоба ЕҰУ-дегі Лубан зертханасын­да жүргізілді, онда студенттер бастап­қыда бағдарламаланатын логи­калық контроллерлерді (PLC) пайдаланып автоматтандыру мәселелерін қарас­тырды, кейінірек жасанды интеллект пен компьютерлік көру технология­ларын біріктіру арқылы шешімді кеңейтті. Жо­баның тұжырымдамасы қал­дықтарды қайта өңдеудің бар мәсе­лелерін талдау, сұрыптау тиімділігін арттыру қажеттілігінен туындады.

«Жобаны әзірлеу бірнеше айға со­зылды, оның ішінде зерттеулер, әзір­лемелер мен прототиптер сынақтан өткізілді. Нә­тижесінде, қалдықтар ағы­­нындағы плас­тикалық заттарды нақты уақыт режі­мінде анықтай алатын, сұрыптаудың дәлдігі мен жыл­дамдығын арттыратын жүйе пайда болды. Жоба қалдықтарды қайта өңдеу инфрақұрылымы мен ақылды қала жүйелерінде енгізудің әлеуетті шеші­мі ретінде қарастырылады. Топ нақты сектордың талаптарын ескере отырып, жобаны одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Академиялық конференциялардың жеңімпазы, ойын әзірлеу клубының жетекшісі Жания Жұмал жобаның ғылыми, ұйымдастырушылық аспектілеріне айтар­лықтай үлес қосты. Арман Ляйлиев те хакатондарға белсенді қатыса отырып, терең практикалық дағдыларын дамытты. Бұл өз кезегінде оларға осы шешімді жүзеге асыру үшін күшті команда ретінде әрекет етуге үйретті», деді Р.Маратұлы.

Жоба авторларының бірі Жәния Жұмалдың айтуынша, аталған идея күнде­лікті қарапайым дүниеге зер салғаннан туған. Бірде олар плас­тикалық бөтелкеден су ішіп отырып, бөтелкенің сапасы әртүрлі екенін байқаған. Содан бұған тереңірек қызығып, мұның себебін түсінуге тырысады. Зерттеу барысында олар пластиктің әртүрлі түрі мен сипаттамасы бар екенін анықтаған. Сөйтіп, олар ұзақ уақыт бойы пластикті нақ­ты материалдардан қалай әрі оңай ажы­ратуға болатынын түсінуге тырысқан. Бұл жобаның қиын кезеңінің бірі болған.

«Біз ақырында экологтермен ке­ңесіп, пластиктерді ажырату үшін жа­рықтың шағылысуын, түс қа­нық­тылығын пайдалану тәсілін тап­тық. Осыдан кейін тұрмыстық қал­дықтардан пластикті автомат­ты түрде анықтау үшін робот қол­ды пайдалану идеясын ойлап шығар­дық. Сөйтіп, мұны толыққанды жү­йе­ге айналдыруға болатынын түсін­дік. Болашақта біз жобаның функ­ционалдығын кеңейтіп, RIC (Resin Identification Code) санаттары бойынша пластик сұрыптауды енгізгіміз келеді. Бұл қайта өңдеуге арналған материалдарды дәлірек бөлуге, жүйе­нің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде жобаның әлеуетін көріп отырмыз. Сондық­тан болашақта оны жетілдіруді, қол­данысқа енгізуді жоспарлап отырмыз», дейді Ж.Жұмал.

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығында доллар арзандады

Қаржы • Бүгін, 09:28

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп

Білім • Бүгін, 08:50

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ

Медицина • Бүгін, 08:35

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью