Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Әрі кетсе 3-4 жылда Еуропа банк қызметкерлерінің 10 пайызы, яғни 212 мың адам жұмыссыз қалады.
Бұл Америкалық инвестициялық Morgan Stanley банкінің болжамы. Бұған жасанды интеллект пен цифрландырудың кеңінен қолданысқа енуі себеп. Сарапшылар: «нейрожелінің арқасында қаржылық мекемелер жұмысының тиімділігі 30 пайызға артқан», - дейді. Яғни алдағы уақытта банк бөлімшелері жабылып, қызмет көрсету онлайн жүйеге көшіріледі. Бұл тұтынушылар үшін ыңғайлы әрине. Бірақ еуропаның еңбек нарығындағы жағдайды қиындата түседі, - дейді сарапшылар.