Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Жасанды интеллект бөлетін көмірқышқыл газының көлемі рекордтық деңгейге жетіп, күллі Нью-Йорк өндіретін парниктік газдардың көлемімен теңескен.
Бұл шамамен жылына 80 млн тонна. Мұндай деректер Patterns ғылыми басылымында жарияланған. Баяндамада сондай-ақ жасанды интеллект жүйелерінің суды тұтыну көлемі бөтелкедегі суға деген әлемдік сұраныстан да асып түскені жазылған. Сарапшылар саланың дамуы негізінен алпауыт технологиялық компанияларға пайда әкелетінін, ал салдары қоғамға артылатынын айтады. Сол себепті зерттеушілер бақылауды күшейтіп, саладағы ашықтықты қамтамасыз етуге шақырады.