Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Жасанды интеллект (ЖИ) COVID-19-дан әлдеқайда қауіпті пандемияға себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс 4 қарашада өткен Future of AI Summit жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Oninvest-ке сілтеме жасап.
Гейтстің айтуынша, қазіргі ЖИ модельдерінің мүмкіндіктері сондай, оның "пайдасы мен зиянын бағаламау мүмкін емес". Ол ең үлкен қауіп ретінде қаскөйлердің ЖИ-ді биологиялық қару жасау үшін немесе цифрлық инфрақұрылымға кибершабуыл жасау мақсатында қолдануын атайды.
Көпшілікке қолжетімді ашық модельдерден кірістірілген қорғаныс механизмдері мен мониторинг жүйелерін алып тастауға болатындықтан, қауіп деңгейі жоғары. ЖИ-дің қатысуымен болатын биологиялық оқиғаның зияны 2020–2021 жылдары 15 миллионға жуық адамның өмірін қиған коронавирус пандемиясынан "айтарлықтай нашар" болуы мүмкін, деп атап өтті Гейтс.
Гейтс ЖИ саласындағы өзін-өзі реттеу тетігі нәтиже бермейді деп есептейді.
"Іске бірнеше компания араласқан сәтте, мәселені шешудің жалғыз жолы- оны мемлекеттік деңгейге көтеру", - деді америкалық миллиардер.
Алайда, оның пікірінше, ЖИ-ді реттеуге бағытталған халықаралық талпыныстарға Ақ үйдің әрекетсіздігі кедергі болып отыр.
"Егер бұған АҚШ қатыспаса, қандай да бір әрекет жасаудың мәні шамалы. Сондықтан біз тығырыққа тірелгендейміз... Жалғыз сұрақ - олар ұстанымдарын өзгерткенше тағы қанша жағымсыз оқиға болуы керек", - деді Microsoft негізін қалаушы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу