ЖИ дің әлем экономикасына қосатын үлесі 10 триллион доллардан асуы ықтимал Президент

02.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл туралы бүгін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшыларына жасаған үндеуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Үндеуінде әлемде бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерге жол ашатын тарихи дәуір басталғанын айтты. Алайда технологиялық теңсіздіктің артуымен бірге жаңа қатерлер де пайда болады.

- Біздің міндетіміз – жаңа технологияларды халықтарымыздың игілігіне бағыттап, еуразиялық экономикалық интеграцияның басты факторына айналдыру. Қазірдің өзінде жасанды интеллект технологиялары сауда ағынын болжауға қатысты мәселелерді оң шешіп, кедендік түсімдер мен сауда келісімдерінің мемлекет экономикасын өркендетуге ықпалын дәл бағалай алады, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Қазақстан Республикасы алдағы уақытта толық цифрлық мемлекетке айналу жөнінде стратегиялық мақсат қойып отырғанын атап өтті. Астанадағы Alem.ai орталығы, Алатаудағы CryptoCity пилоттық аумағы секілді мемлекеттік бастамалар цифрлық экожүйені белсенді дамытуға дайын екенімізді көрсетеді.

Қазақстан ЕАЭО аясындағы серіктестерімен жасанды интеллект, цифрлық реттеу және экономиканы трансформациялау салаларында білім мен тәжірибе алмасуға әзір. Бірлескен күш-жігер арқылы технологиялық жаңашылдықтарға оңай бейімделе аламыз.

- 2026 жылы Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форум алаңында ЕАЭО шеңберінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі бірлескен мәлімдемеге қол қоюды ұсынамыз. Аталған құжат елдеріміздің цифрлық трансформация саласындағы ынтымақтастығының жаңа бағытын айқындайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Айта кетейік, осыған дейін Президент ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларына Үндеу жасады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью