Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирде қарсыласын бет қаратпай жеңді

02.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жарыстың 1-ракеткасы Ж.Құламбаева екінші айналымда үндістандық Саумия Рондені тізе бүктірді.

Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Екінші сетте Жібек қарсыласын бет қаратпай ұтты – 6:0. Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды. 

Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 1 428-орындағы тағы бір үндістандық Мадурима Савантпен таласады. Ол екінші айналымда отандасы Яшасвини Панварды қапы қалдырды – 6:3, 7:6 (7:3).

Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Яшинамен бірге жұптық сында да өнер көрсетіп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Чарльстон турнирінде Путинцеваның жарыстың 1-ракеткасымен триллерге татитын матч өткізгенін жазған едік. Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың ширек финалына шықты. Ал АҚШ-тағы турнирде Юлия Путинцева жұптық сында ширек финалға өтті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью