Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ақмола облысы Жібек жолы ауылында болған жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың мәліметтер белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Оның айтуынша, аталған дерек бойынша аса ауыр санаттағы қылмыс – адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынған.
«Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қосымша тергеу шаралары жалғасып жатыр, оның ішінде оқиға орнында да жұмыстар атқарылуда. Тергеу-жедел тобы үшінші тәулік қатарынан жұмыс істеуде», – деді Санжар Әділов.
ІІМ өкілінің мәліметінше, күдікті бұған дейін де сотталған.
«Негізгі тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін, олардың нәтижесі бойынша Ақмола облысының Полиция департаменті қосымша ақпарат береді. Қазір тергеу жалғасып жатыр», – деп нақтылады министрдің орынбасары.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.