Жігіттер, хайп арзан, пранк қымбат: Орынсыз әзілдің жазасы қандай

01.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Астанадағы ең резонансты жағдайлардың бірі тұрғын үй кешенінде болған. Блогерлер қараңғы лифтке мәйіт макеті мен балта қойып, кездейсоқ адамды шошытқан. Оқиға полицияға дейін жетіп, ұйымдастырушы 30 тәулікке қамауға алынды, қалған қатысушылар 15 тәулікке қамалды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ІІМ | МВД РК (@qriim_mvdrk)

Осыған ұқсас тағы бір жағдайда 26 жастағы астаналық тұрғын лифт ішінде қорқынышты костюм киіп, қыздың үрейін ұшырған. Әлеуметтік желіге жүктелген видео тағы да тәртіп сақшыларының назарына ілігіп, ер адам ұсталды. Сот оны 10 тәулікке қамады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA OSYNDA | ЖИЗНЬ СТОЛИЦЫ (@pro_astanu)

Тағы бір жағдай әуежайда тіркелді. Алматы тұрғыны рейске тіркелу кезінде «тыйым салынған заттар бар ма» деген сұраққа «иә» деп әзілдеген. Ойыннан от шығып, әуежайдың жұмысы біраз уақытқа тежелген. «Әзілқой» жолаушы «ұсақ бұзақылық» бабымен жауапқа тартылды. 

Блогер Аружан Айбекованың Қытайда түсірген пранк видеолары да сәтсіз аяқталды. Ол көшеде адамдарға білдірмей телефон ұстатып, кейін «ұрладыңыз» деп шошытқан. Онымен шектелмей, бейтаныс адамдардың қолынан ұстап, денесіне жанасып, ерсі әрекетін желіге жариялаған. Бұл әрекеттер Қытай қоғамында сынға ұшырап, жеке шекараны бұзу ретінде қабылданды. Ақыры блогер сәтсіз видеоларды өшіріп тынды. 

Фото: Видеодан скрин

Кейін ол Өзбекстанда да осындай пранк түсіріп, әкімшілік жауапқа тартылды. 78 мың теңге айыппұл төлеген. Енді блогер қыз Қазақстанмен шекаралас елдерде мұндай пранк түсірмейтін болыпты

Әзіл форматындағы «қара жарнама» да көпшіліктің көңілінен шыға қоймады. Алматыдағы ерлердің киімін сататын дүкен иелері «зорлық» тақырыбын қолданған ролик жариялап ел назарын аудармақ болған. Видеода киімдер «зорлық құрбандарында болған заттар» деп сипатталған. Қолданушылар мұны орынсыз әрі шектен шыққан контент деп бағалап, жаппай шағымданған. 

Фото: kz.kursiv.media

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заңдағы жазаға қарамастан, мұндай жағдайлар жиілеп барады. 2025 жылдың алғашқы жартысында ғана 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Ал депутаттар заңға томпақ пранк жасағандардың аккаунтын бұғаттауды ұсынып жүр

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью