Жігіттің екі сөйлегені өлгені: Әбдіжаппар Әлқожа Нұрлан имамға берген уәдесін орындады (видео)

13.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа имам Нұрлан Байжігітұлына берген уәдесін орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі имаммен видео жариялап, бір жыл бұрын көпшілік алдында берген уәдесін еске алды. Сөйтіп, қымбат смартфон сыйлады. 

«Ассалаумағалейкум. Жігіттің екі сөйлегені – өлгені. Халық алдында айтылған уәде орындалуы керек. Біз үшін ең маңыздысы — шынайы ниет пен көңіл», — деді әнші.

Ал Нұрлан имам алғыс білдіріп, ақ батасын берді.

Желі қолданушылары бұл жылы көрініске риза болып, лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью