Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Еліміздің өңдеу өнеркәсібінде кейінгі жылдары қарқын ала бастаған саланың бірі – жиһаз өндірісі. Былтырғы қорытынды мұндағы өсімнің кездейсоқ емес екенін көрсетіп отыр. Отандық кәсіпорындар өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайтып, ішкі нарықтағы үлесін де, экспорттау аясын да кеңейтті.
Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz
«QazIndustry» АҚ Жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібін және құрылыс материалдары өндірісін дамыту дирекциясының мәліметінше, былтыр елде жиһаз өнімдерін өндіру көлемі 56,7%-ға өсіп, 165,1 млрд теңгеге жеткен. Соның нәтижесінде саланың жалпы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі – 0,3%-ды, ал өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,5%-ды құрады. Бұл көрсеткіштер 2024 жылы 0,2 және 0,4% деңгейінде болған.
Дирекция сарапшылары ең жоғары өсім кеңсеге арналған ағаш жиһаз өндірісінде тіркелгенін айтады. Бұл сегментте өндіріс көлемі 37,2% артқан. Сондай-ақ асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаз өндірісі – 18,5%, металл қаңқалы арнайы отыруға арналған жиһаз өндірісі 2,8%-ға өскен. Ал жатын бөлмеге арналған өзге ағаш жиһаздар, яғни кереует пен шкафтан өзге өнімдер, сонымен қатар ас үй жиһазы сегментінде өндіріс көлемі біршама төмендеген.
Ішкі нарықтағы сұраныс та тұрақты өсім көрсетіп отыр. Былтыр жиһаз өнімдерін ішкі тұтыну нарығының көлемі 670 млн долларға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен 3%-ға ұлғайған. Бұл ретте отандық өндірушілер ішкі нарықтың 37,8%-ын қамтамасыз еткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 33,7% болған еді. Яғни отандық кәсіпорындардың нарықтағы үлесі біртіндеп артып келеді деген сөз. Салаға салынған инвестиция көлемі де назар аударарлық.
«Былтыр негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 6,9 млрд теңгеден асқан. Бұл бағытта Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірге жалпы көлемнің шамамен 70%-ы, яғни 4,8 млрд теңге инвестиция тартылған. Қаражаттың басым бөлігі кеңсе мен саудаға арналған жиһаз өндірісін дамытуға жұмсалған», дейді дирекция сарапшылары.
Жиһаз түрлерінің басым бөлігі ағаштан жасалады. Ал елімізде орман қорының үлесі аз. Сол себепті шикізаттың барлығы дерлік шет мемлекеттерден әкелінеді. Бұрын дайын материал ғана импортталса, бүгінде отандық кәсіпкерлер ағашты өз бетінше өңдеуге қауқарлы.
Экспорт көрсеткіші де көңіл көншітеді. Отандық жиһаздың шетелге сатылымы 4,7 есе өсіп, 72,2 млн долларға жеткен. Әсіресе өзге металл жиһаз экспорты – 11,3 есеге, металл қаңқалы отырғыш жиһаздың өзге түрлері 5 есе өскен. Пластмассадан жасалған жиһаз экспорты да 88,7%-ға артқан. Негізгі экспорттық бағыттар ретінде ТМД елдері аталады.
Саладағы оң динамика алдағы кезеңде де жалғасын таппақ. «QazIndustry» мәліметінше, биыл еліміздің әр өңірінде жиһаз өндірісіне қатысты сегіз жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті
Қоғам • Бүгін, 11:33
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті
Қоғам • Бүгін, 11:17
Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды
Оқиға • Бүгін, 11:10
Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
Қоғам • Бүгін, 11:03
Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:59
Ұлытау облысында су тасқыны қаупі бар аудандар тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 10:41
Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды
Мереке • Бүгін, 10:28
Қазақстанда жол инфрақұрылымы қарқынды жаңарып жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:18
Соңғы 7 жылда еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі екі есе артты
Қоғам • Бүгін, 10:08
Өңделген өнім үлесі артып келеді
Экономика • Бүгін, 10:00
Қазақстан • Бүгін, 09:50
14 наурызда доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:48
Қоғам • Бүгін, 09:40
Референдум • Бүгін, 09:35
Бүгін елімізде қай жолдар жабық тұр?
Қоғам • Бүгін, 09:35