️ Жиһаз жасаймыз : Астанада екі тұрғын 19 адамды 24 млн теңгеге сан соқтырды

07.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АЛМАТЫ, 6 қыркүйек - Sputnik. Астанада тапсырыспен жиһаз дайындауға қатысты алаяқтық схема әшкереленді, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Жәбірленуші әлеуметтік желідегі жиһаз дайындау туралы жарнаманы көріп, шарт жасасқан. Өлшемдер алынғаннан кейін ол 4,5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат аударған.

"Осыдан кейін екі алаяқ онымен байланысқа шығуды тоқтатқан. Олардың әрекеттерінен 19 азамат зардап шегіп, келтірілген залалдың жалпы сомасы 24,6 млн теңгеден асты", - дейді прокуратура.

Сот үкімімен олардың әрқайсысына 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью