Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Елестетіп көріңізші: сіз үйіңізге аман-есен жетемін деген үмітпен пойызда ұйықтап жатырсыз, бірақ бейтаныс адам жеке кеңістігіңізге қол сұққанынан оянып кеттіңіз. Шымкенттен шыққан пойыз жолаушысы дәл осындай жағымсыз жағдайға тап болды. Абырой болғанда қыз сасқалақтап қалмай, батылдық танытып, қиянат жасаушыға тойтарыс берді, деп хабарлайды Tengri Travel.
Елестетіп көріңізші: сіз үйіңізге аман-есен жетемін деген үмітпен пойызда ұйықтап жатырсыз, бірақ бейтаныс адам жеке кеңістігіңізге қол сұққанынан оянып кеттіңіз. Шымкенттен шыққан пойыз жолаушысы дәл осындай жағымсыз жағдайға тап болды. Абырой болғанда қыз сасқалақтап қалмай, батылдық танытып, қиянат жасаушыға тойтарыс берді, деп хабарлайды Tengri Travel.
Не болды?Оқиға 27 наурызда сағат 04:00 шамасында Шымкент - Нұрлы жол бағытындағы №71 жолаушылар пойызында болған. Іс материалдарына сәйкес, Астананың 22 жастағы тұрғыны купе вагонында ұйықтап жатқан жолаушыға қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған.
Қыздың реакциясы"Оның ұйықтап жатқанын пайдаланып, бөксесінен ұстай бастаған, өз мінез-құлқымен қоғамға және айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған", - деді адвокат Дамир Ишмаметов.
Қыз үнсіз қалмады: ол бірден оянып, жолсерік пен пойыз бастығынан көмек сұраған. Олар жедел әрекет етіп, полиция қызметкерлерін шақыртты.
Сот шешімі"Қазановаға" қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, кейін сот қаулысымен ол ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынды", - деп бөлісті адвокат.
Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты істі ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша қарады.
Сот қаулысында бұл іс-әрекеттер ұсақ бұзақылық ретінде сараланғаны көрсетілген - "ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасалған".
Сот Астана тұрғынын кінәлі деп тапты.
"Қамау мерзімі аяқталған соң біз моральдық зиянды өндіру және сот шығындарын өтеу туралы талап арыз жолдадық. Сотта азамат талап арызды ішінара мойындап, өз еркімен 400 000 теңге төлеуге келісті, бұл туралы Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты тиісті сот актісін шығарды", - деп атап өтті Ишмаметов.
Өкінішке қарай, пойыздардағы әйелдер қауіпсіздігі әлі де өзекті мәселе болып отыр. Жақында ғана Қызылорда - Павлодар бағытындағы пойызда осыған ұқсас жағдай болды. Онда да жолаушы әйел келеңсіз жағдайға тап болған: оның купесіне мас ер адамды отырғызып қойған, кейін ол өзін дөрекі ұстай бастаған.
Қыз қоқан-лоққыға қарамай, жағдайды жария етті. Нәтижесінде ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
Тағы оқыңыз: Астанадан шыққан жолаушы пойызда қайтыс болды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу