Жітіқарада анасын қорғаған 15 жастағы бала өгей әкесінің қолынан қаза тапты

29.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қостанай облысының Жітіқара қаласында мас күйдегі ер адам жанжал кезінде әйеліне пышақ сұғып, оны қорғауға келген 15 жастағы өгей ұлын өлтірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сот материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылдың сәуірінде болған. Ер адам әйеліне шабуыл жасаған кезде, баласы араша түспек болған. Алайда өгей әкесі оның кеудесіне төрт рет пышақ сұғып, жасөспірім оқиға орнында көз жұмған. Әйелді оның ағасы құтқарып қалған.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Сот алкогольдік масаң күйде қылмыс жасағанын ауырлататын мән-жай деп таныды.

Сот үкімімен ер адам 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью