Жиын терін маусымының жетістігі мол

20.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Ауыл шаруашылығы басқармасының мә­­ліметінше, биыл жалпы егіс алқабы 691,4 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 288 мың гектарға, мал азықтық дақылдар – 215 мың гектарға, майлы дақылдар 184 мың гектарға егілді. Дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Әр гектардан орта есеппен 21 центнер өнім жиналып, бастапқы салмақта 605 мың тонна астық бастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Же­келеген шаруашылықтарда күздік би­дай­дың өнімділігі гектарына 60-70 центнерге дейін жетті.

Майлы дақылдарды жинау жұмыстары әлі жалғасуда. Бүгінге дейін 87 мың гектар ал­қаптан 63 мың тонна өнім жиналды. Со­нымен қатар 28 мың тонна картоп, 25,2 мың тонна көкөніс және 20,8 мың тонна бақша дақылдары алынды. Бақша да­қыл­дарын жинау толығымен аяқталды. Со­нымен бірге аграршылар келер жылғы өнім­нің негізін қалауда. 2027 жылғы егінге ар­налған күздік дақылдар егу жұмыстары 92 мың гектар алқапта аяқталды. Оның ішін­де 81,4 мың гектарға күздік бидай, 10,1 мың гектарға күздік қара бидай егілді.

Мал шаруашылығы кәсіпо­рын­дары­ның алдындағы басты міндет – 1,247 мың­нан аса мал басын қыстан аман алып шы­ғуды қамтамасыз ету. Ол үшін облысқа 2,29 млн тонна шөп, 271,5 мың тонна құ­нарландырылған жем, 14,8 мың тонна сүр­лем және 11,6 мың тонна пішендеме қажет. Шабындық алқаптардың өнімділігі жоғары болғандықтан, биыл шөптің орташа түсімділігі гектарына 4,7 центнерді құрады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 3,3 центнер болған еді.

Қазір 2,75 миллион тоннадан астам шөп дайындалды. Бұл жоспардың 120 пайызына тең. Өткен жылдан қалған қор­ды қоса есептегенде, шөп қоры 2 млн 898,8 мың тоннаға жетті. Бұл қажеттіліктің 126,1 пайызын құрайды. Бұдан бөлек, 100,1 мың тонна құнарландырылған жем, 16,1 мың тонна сүрлем және 7,8 мың тонна пішендеме жиналды.

– Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін облысқа 11,2 мың тонна жеңілдетіл­ген бағамен дизель отыны бөлінді. Бүгінде оның 5,1 мың тоннасы игерілді. Қалған кө­лем егін жинау мен мал азығын дайын­дау жұмыстарын толық аяқтауға артығ­ымен жетеді, – деді облыстық ауыл ша­р­уа­шылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин.

Қазір облыста бейімделген 11 сүт фер­масы, өнеркәсіптік үлгідегі алты тауар­­лы сүт фермасы және бес ауыл ша­р­­уа­­­шылығы кооперативі жұмыс істейді.

Мемлекеттік қолдауға «Арыстанов» шаруа қожалығы, «Төлеңгіт» шаруа қожа­лығы, «Amanat» шаруа қожалығы, Ringo Milk ЖШС және «КТК-888» ЖШС ие болды. Биыл «КТК-888» ЖШС кешенді 1 000 басқа дейін кеңейту жұмыстарына кірісті. Жобаларды жүзеге асыру үшін өнімділігі жоғары 1,5 мыңнан астам асыл тұқымды аналық мал әкелінді. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындары сүт бағытындағы 8,2 мың бас ірі қара сатып алды.

Сүтті қайта өңдеумен жылдық жалпы қуаты 20,9 мың тоннаны құрайтын алты кә­сіпорын айналысады. Олардың қа­та­рын­да ірі кәсіпорындар саналатын «Орал сүт зауыты» ЖШС, «Береке» ЖШС және «Каверина С» жеке кәсіпкерлігі бар.

Қайта өңдеу қуаттарын арттыру мақ­са­тында Amanat шаруа қожалығы мен «КТК-888» ЖШС өздерінің өңдеу цех­тарын салуда. Орал сүт зауыты өндіріс қуа­тын 10 мың тоннаға арттыра отырып, кә­сіп­орынды жаңғыртуға өтінім берді. Кеңейту жұмыстары аяқталғаннан кейін кәсіпорын кооперативтер мен жеке қо­салқы шаруашылықтардан табиғи сүт сатып алу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, жеке инвестициялар есебінен «Берекет» шаруа қожалығында 400 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу жобасы жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы басқармасының мә­лі­метінше, аталған жобалардың іске қо­сылуы сүт өндірісін қосымша 6 мың тон­наға арттыруға мүмкіндік береді. Ал­дағы уақытта өңірдің өз өндірісіндегі сүт өнімдерімен қамтамасыз етілу көлемін қазіргі 28,7 мың тоннадан 48 мың тоннаға дейін, ал жергілікті өніммен қамту дең­гейін 25,6 пайыздан 43 пайызға дейін жет­кізу жоспарланып отыр.

2023-2025 жылдары ауыл шаруа­шы­лығ­ы өнімдерін қайта өңдеу саласында жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрайтын бес инвестициялық жоба жүзеге асырыл­ды. Ал 2026-2028 жылдарға жалпы сомасы 26 млрд теңге болатын тағы 11 жобаны іс­ке асыру жоспарланған.

Инвесторларға өндіріс орындарын салу және кеңейту үшін жылдық 2,5 пайыз­дық мөлшерлемемен жеңілдетілген не­сие алу және инвестициялық субси­дия­ларға қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының техникалық базасы да жаңартылуда. 2023 жылдан бері облыстың машина-трактор паркі 16,5 пайызға жаңарды. Өңірдің мал шаруашылығына мамандануын ескерсек, мал азығын дайындайтын техникаға сұраныс жоғары. Сатып алынатын ма­шиналардың 90 пайыздан астамы отандық өндірістен шыққан.

Тек биылғы 9 айда облыс шаруа­шы­лықтары 21 млрд теңгеге жуық 1 600 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Осылайша, 2025 жылдың қоры­тынды көрсеткіштерінен де асып түсті. Бұл – облыстың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, өңірлік нарық­тағы жергілікті өнімнің үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью