Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Өткен бейсенбі күні бұғаздағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету коалициясына қосылатынын Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Нидерланд және Жапония сынды алты ел мәлімдеді.
– Біз Ормуз бұғазы арқылы кемелердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қажетті күш-жігерге қатысуға дайын екенімізді білдіреміз. Дайындық жоспарларына қатысып жатқан елдерді құптаймыз, — делінген мәлімдемеде.
Коалиция құрамына аталған алты еуропалық елден бөлек, Балтық елдері — Латвия, Литва, Эстония, сондай-ақ скандинавиялық мемлекеттер — Дания, Норвегия, Швеция кірді. Сонымен қатар, коалицияға Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Жапония және Оңтүстік Корея қосылған.
Араб елдері арасынан бұл бастамаға Біріккен Араб Әмірліктері мен Бахрейн қатысуға келісім берген.
Коалиция қатысушылары теңіз жолдарының қауіпсіз пайдаланылуы барлық елдер үшін тиімді екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Ормуз бұғазы арқылы кемелерді алып өту үшін коалиция құруды жоспарлап отырғанын жаздық.
Ал Ормуздың жабылуынан Азия елдері отын үнемдеуге көшті.