Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Кеше кешкісін Ұлан ауданының Бозанбай ауылынан шопандар әдеттегідей қой жаюға шыққан. Алайда, қатты боран салдарынан кері жол таппаған.
Бірнеше сағаттан соң ғана бірі ауылға түсіп, жанындағы шопаннан адасып қалғанын айтқан, деп жазады Egemen.kz.
Фото: istockphoto.com Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері хабарды ала сала екінші ер адамды іздеу жұмыстарына кірісті.
Олар жол таңдамайтын техникалар мен қар шаналарын жұмылдырды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына кинологтар қатысты.
Айрандай ұйыған ауыл азаматтары да атқа қонды. Ауыл іші жым-жырт болғанымен, бір белден асқан соң ат құлағы көрінбес ақ түтек боран соғып тұ
Мұндайда маңайды бес саусақтай білгенімен, адасып кету оп-оңай еді.
Абырой болғанда, 1971 жылы туған шопан Қызылсу учаскесінен, шаруа қожалығының маңынан табылды. Құтқарушылар оны қауіпсіз жерге жеткізді.