Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Пугапия мен оның қыздары Айга мен Бабавру көп жылдар бойы акунцу халқының соңғы өкілдері болды. Олардың қауымдастығы Амазонка территорияларын игеру жөніндегі мемлекеттік науқан кезінде толығымен жойылды.
Алайда юылтыр желтоқсан айында жағдай күрт өзгерді. Үш әйелдің кішісі, шамамен қырық жастағы Бабавру ұлды болды. Сәбидің есімі — Акып. Оның дүниеге келуі тек акунцу тұқымының жалғасуына ғана емес, сонымен бірге Амазонканың байырғы халықтары мен ормандарын сақтау үшін үлкен күрестің символына айналды.
— Бұл бала акунцу халқының табандылығының символы ғана емес, сонымен бірге барлық байырғы халықтар үшін үміт көзі, — деді Бразилияның Funai байырғы халықтардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Жоэния Вапичана.
Ол туған өлкені тану, қорғау және жауапкершілікпен басқарудың қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Былтыр Бразилияда әлемдегі ең қарт әйел 116 жасында қайтыс болды. Бразилиялық монах әйел Ина Канабарро Лукас қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт әйел титулы өткен тамызда 115 жасқа толған Англияның Суррей қаласында тұратын Этель Кейтеремге берілді.