Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Асламбек Мерғалиев жаңа Конституцияның 28-бабына қатысты түсіндірме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Негізгі заңда қабылданған норманың қате және әртүрлі түсіндірілуін болдырмау үшін келесі түсіндірмені жариялауды қажет деп санаймын», делінген хабарламада.
Жаңа Конституцияның 28-бабы тұрғын үй иелерінің құқықтарын қорғауды бекітеді.
Бұл норма заңды меншік иелерінің құқықтарына басымдық береді және оларды соттың заңды күшіне енген шешімінсіз тұрғын үйінен шығаруға немесе одан айыруға тыйым салады.
Аталған өзгеріс азаматтарды негізсіз (өз бетінше) тұрғын үйден шығарудан қорғау үшін Конституция деңгейінде енгізілді.
Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, бұл жаңа тәжірибе емес. Бұған дейін де заңнамада өз бетінше шығаруға тыйым салынған.
Ұқсас нормалар Азаматтық кодексте (188-бап) және «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда (8-бап) бұрыннан қарастырылған.
Кез келген мәжбүрлеп шығару немесе тұрғын үйден айыру (мысалы, мемлекет мұқтажы үшін алу, кепіл мүлкін өндіріп алу, жалға беру шарты) тек сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Соттың рөліСот адамның «тұруына рұқсат бермейді», керісінше оның бұл тұрғын үйде тұруға заңды негізі бар-жоғын тексереді.
Тұрғын үйге иелік ету құқығы тек заңды меншік иесіне тиесілі екенін түсіну қажет.
Меншік иесі өз құқығын пайдалана отырып, тұрғын үйін жалға бере алады және шартта жалға алушыны шығару талаптарын белгілей алады.
Жалға алушының жауапкершілігіҮй иесінің құқығы сөзсіз басымдыққа ие: Сарапшы жаңа Конституцияның 28-ші бабын талдап берді
Егер жалға алушы шарт талаптарын бұзса, меншік иесі шартты бұзып, тұрғын үйді босатуды талап етуге толық құқылы.
Жалпы, тұрғын үйден шығару мәселесі бойынша тұрақты сот тәжірибесі қалыптасқан.
Сот статистикасына сәйкес, 2025 жылы қаралған 2,7 мың істің тек 6%-ы немесе 160 іс пәтер жалдаушыларға қатысты болған.
Көп жағдайда жалға алушыларға қатысты даулар сотқа дейін жетпейді, өйткені шарт талаптары сақталса, жанжал туындамайды.
Меншік иелері де шарт талаптарын адал орындайтын жалға алушыларды шығаруды талап етпейді.
Ал шарт бұзылған жағдайда, сот жалға алушыны шығару туралы шешім қабылдайды және меншік иесінің шығындарын, оның ішінде заңгерлік шығындарды өтеуді міндеттейді.
Жаңа Конституция – жастардың ел дамуына нақты ықпал ету кезеңін бастайды
Қорытындылай келе, Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін құқықтық белгісіздік туындамайды деп күтіледі.
«Көп жағдайда қиындықтар тараптар арасында жазбаша шарт болмаған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда талаптарды дәлелдеу қиынға соғады», деп түсіндірді Жоғарғы Сот төрағасы.
Бұл норманы Конституцияға енгізу ең алдымен жылжымайтын мүлік иелерінің құқықтарын қорғауды күшейтуге, мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етуге және тұрғын үй нарығындағы тәртіпті арттыруға бағытталған.
Соңғы жаңалықтар
Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 20:28
Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
Елорда • Бүгін, 19:48
Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 19:39
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады
Спорт • Бүгін, 18:33
Әлеуметтік желідегі жасырын қауіп: Деструктивті топтардың құрығына түспеудің жолы қандай?
Қоғам • Бүгін, 18:05
Нысана көздеуден Әлем кубогі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Спорт • Бүгін, 17:47
Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді
Заң • Бүгін, 17:37
Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді
Мектеп • Бүгін, 17:26
Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:03
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 16:55
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Семсерлесуден жаһандық турнирде Қазақстан спортшысы жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 16:24
2 және 5%-дық ипотека: Жеңілдетілген несие кімдерге беріледі және оны қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 16:02
Президент Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
Президент • Бүгін, 15:55
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: 9 бала құтқарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:45