Жоғары аудиторлық палатаның үш іріктеу отырысында өңірлік комиссияларға үміткерлер тыңдалды

07.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бірінші іріктеу аясында қаңтар айында Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласының тексеру комиссияларына үміткерлер тыңдалды. Ақтөбе облысынан қызметке 4 кандидат, Маңғыстау облысынан 6 кандидат, Алматыдан 4 кандидат өтініш берді. Ақпан айында өткен екінші іріктеу Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тексеру комиссияларын қамтыды. Түркістан облысынан лауазымға 11 кандидат, Шымкент қаласынан 7 үміткер болды. 

Әңгімелесу қорытындысы бойынша әр өңірден үш үміткерден іріктелді. Тиісті ақпарат Жоғары аудиторлық палатаның сайтында жарияланды, ал материалдар келісу және тағайындауға ұсыну үшін тексеру комиссияларына жіберілді. Сәуір айында Комиссияның үшінші отырысы өтті.

— Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша тексеру комиссияларының мүшелері лауазымына кандидаттар қаралды. Бос лауазымдарға мынадай өтінімдер түсті: Алматы бойынша 1 үміткер, Ақмола облысы бойынша 4 үміткер, Батыс Қазақстан облысы бойынша 3 үміткер, Маңғыстау облысы бойынша 4 үміткер. Әңгімелесу қорытындысы бойынша Алматы қаласынан 1 кандидат және қалған облыстардың әрқайсысынан 3 кандидат іріктелді, — делінген хабарламада.

Комиссияның үшінші отырыста қабылданған шешімі Жоғары аудиторлық палатаның ресми сайтында жарияланды. Барлық қатысушылар белгіленген талаптарға сәйкес құжаттарды тапсырды және іріктеуге жіберілді. Олардың әрқайсысының бейінді жоғары білімі, мемлекеттік аудитор сертификаты немесе есеп және аудит саласында халықаралық біліктілігі бар. Іріктеу барысында Комиссия ұсынылған құжаттарды қарап, кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін, нормативтік-құқықтық базаны білуін, кәсіптік даярлық туралы деректерді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарынан алынған мәліметтерді бағалады.

Айта кетейік, бұған дейін Жоғары аудиторлық палатаның өкілдері Әзербайжанда аудит жүргізген еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью