Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы бақылаушылар тобының төрағасы Андрей Картаполов Қазақстандағы Құрылтай сайлауына алдын ала баға берді.
Төрағаның айтуынша, бұл олардың Қазақстандағы сайлауды бірінші рет бақылауы емес.
"Бұл біздің Қазақстандағы сайлауды бірінші рет бақылауымыз емес, бірінші жылымыз да емес. Біздің комиссия ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан қатысады және біз сайлау әрқашан өте жоғары деңгейде өтетінін білеміз", - деді Андрей Картаполов.
Ол дәстүрлі түрде бақылау жұмыстарын "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрындағы сайлау учаскесінен бастайтындарын айтты.
"Кеше және арғы күні біз Құрылтайға ұсынылған партиялардың өкілдерімен, Орталық сайлау комиссиясының өкілдерімен кездестік. Олардың ой-пікірлері мен бағалауларын тыңдап қайттық. Қазір театрдағы сайлау учаскесі дауыс беруге толық дайын екенін көріп отырмыз. Мен елдегі барлық дауыс беру учаскесі бұл процеске толығымен дайын екеніне сенімдімін", - деді ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы бақылаушылар тобының төрағасы.