Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 20 шілде - Sputnik. Еуразиялық Даму Банкі ЕАЭО мемлекеттерінің экономикасына апта сайынғы макро шолуды жариялады.
2026 жылғы қаңтар – маусым айларында Қазақстанның қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 5,1%-ға өсті. Ал қаңтар – мамырда 4,3% -ға өскен болатын.
Ең жоғары өсу қарқыны:
құрылыста-15,2%;
көлікте және қоймада-7,1%;
саудада-5,7% болды.
"Негізгі капиталға салынған инвестиция 9,6%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 33,3%, ауыл шаруашылығы 24,6% және көлік 11,6%-ға артты. Жоғары экономикалық және инвестициялық белсенділік биылғы жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 5,5% дейін өсуіне ықпал етеді деп санаймыз", - деп хабарлады банк сарапшылары.
Ал Қырғызстанда жалпы ішкі өнім 2026 жылғы қаңтар-маусымда 11,9%-ға өсті. Құрылыс секторы мен өңдеу өндірістері шешуші рөл атқарды. "Менің үйім" бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысының көлемі 38,4%-ға ұлғайған.
Ресейде маусым айында инфляция 6%-ды құрады, мамырда 5,3% болған. Мұны мотор отынының қымбаттауымен байланыстырады.
Беларуссьте экономикалық өсім артты. Биыл жалпы ішкі өнім қаңтар - мамырда 1%-дан 1,5%-ға өскен. Экономикалық белсенділікке ішкі сұраныс оң әсер етіп жатыр, дейді сарапшылар.