Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Зардап шеккен жұмыскер ала алмай қалған, осыған дейін алып тұрған не бұдан әрі де алып тұратыны анық жалақы (табыс), сондай-ақ егер зардап шеккен адам көмек пен күтiмнiң осындай түрлерiне мұқтаж болып, оларды тегiн алмайды деп танылса, оның денсаулығына зақым келуінен туындаған шығыс (дәрі-дәрмек сатып алу, медициналық қарап-тексерілу, сауықтыру, бөгде адамның бағып-күтуi, протез салғызу, банктердің, пошталардың көрсетілетін қызметтері және өзгелері) өтеледі.
Жұмыскер қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 940-бабында көрсетілген адамдардың залалды (зиянды) өтетiп алу құқығы бар.
"Қарағандышахтатарату" ЖШС-ға берілген, таратылған шахталар жұмыскерлерінің өміріне және денсаулығына келтірілген залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджет есебінен өтелуге тиіс.
Залалды (зиянды) өтеу ай сайынғы төлемдермен жүргізіледі.
Жұмыскер ала алмай қалған, өтелетін жалақы (табыс) мөлшерi зардап шеккен адамның кәсiби еңбекке қабiлетiн, болмаса – жалпы еңбекке қабiлетiн жоғалтуының дәрежелерiне сәйкес келсе, мертігуіне немесе денсаулығына өзгедей зақым келгенге дейiнгi не еңбекке жарамдылығынан айырылу орын алғанға дейiнгi орташа айлық табысының (кiрiсiнiң) пайыздарымен айқындалады.
Таратылған шахталардың жұмыскерлеріне "Қарағандышахтатарату" ЖШС төлейтін залал (зиян) сомаларын өтеу таратылған шахталардың осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады, ол инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне барабар жыл сайын ұлғайтылып тұрады.
Залалды (зиянды) өтеу сомаларын есептеуді және төлеуді "Қарағандышахтатарату" ЖШС жүргізеді.
Көмір өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күнге дейін "Қарағандышахтатарату" ЖШС-ны қаржыландыруды жүзеге асырады.
"Қарағандышахтатарату" ЖШС залалды (зиянды) өтеудің есептелген сомаларын алушылардың шотына қолма-қол емес тәсілмен аударуды жүргізеді.
Залалды (зиянды) өтеу сомаларын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа мемлекеттеріне жіберу залалды (зиянды) өтетіп алуға құқығы бар жұмыскерлердің тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
Бөлінген қаражат бойынша "Қарағандышахтатарату" ЖШС ай сайын, келесі айдың 20-күніне дейін, көмір өнеркәсібі саласындағы уәкілетті органға алдыңғы ай үшін есеп береді.
Таратылған шахталардың залал (зиян) өтемін алатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын жұмыскерлері "Қарағандышахтатарату" ЖШС-ға тоқсанына бір рет (тоқсанның бірінші айының 10-күнінен кешіктірмей) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін, сондай-ақ айына бір рет (айдың 5-күнінен кешіктірмей) нақты тұрғылықты жері туралы мәлімет беріп тұрады.
Таратылған шахталардың тізбесі
Долинск.Дубовск.Майқұдық.Северная.Топар.Шерубай-Нұра.Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.