Жол апатына түскен Үндістан азаматы ауруханада қайтыс болды

09.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Жол апатынан ауруханаға түскен үндістандық студент қайтыс болды. Бұл туралы Үндістанның Қазақстандағы елшілігі хабарлады.

Марқұм жігіттің есімі - Рахул Ядав, жасы 24-те.

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда Алматы маңындағы "Алматы – Бішкек" автожолының 86-шақырымында Үндістан азаматтары: студенттер мен турист жол апатына түсті. Салдарынан жүргізуші, сондай-ақ Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының екі студенті қайтыс болды. Тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Бүгін тағы екі адамның мәйіті Үндістанға жіберілді. Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью