Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
2023-2025 жылдары толық қызмет көрсететін 123 жаңа заманауи нысан іске қосылған.
— Биыл жеке инвестициялар есебінен қосымша 37 нысан ашу жоспарланған. Жолдардың бойында 176 модульдік санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылды, оның 108-і соңғы үш жылда пайдалануға берілген. Осы жылы 13 модульдік павильон орнатылады, — деді Д. Иманашев Үкімет отырысында.
Алдағы кезеңде жол бойы сервисін жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр. Бұл жұмыс республикалық маңызы бар автожолдарды салу жəне қайта жаңарту жобалары аясында жүргізіледі.
— Атап айтқанда, жүргізушілер мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін көпфункционалды сервистік аймақтар кезең-кезеңімен құрылатын болады. Халықаралық жəне республикалық маңызы бар автожолдарды одан əрі дамыту жұмыстары Көлік министрлігінің ерекше бақылауында. Ұлттық оператор өз кезегінде жобаларды сапалы əрі белгіленген мерзімде іске асыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды, — деді компания басшысы.
Бұған дейін Премьер-министр 1 мамырға дейін жол бойындағы сервисті дамыту картасын әзірлеуді тапсырған еді.
Сондай-ақ, елімізде ақылы жолдар қатарына тағы 6 учаске қосылады. Ақылы жолда ақау анықталса, төлем уақытша тоқтатылады.