Жол бойындағы лай суды әйелге шашып кеткен жүргізуші жазаға тартылды

05.02.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жаңаөзенде сот Mercedes жүргізушісін жаяу жүргіншіге лай су шашыратып кеткены үшін жазаға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзенде сот Mercedes жүргізушісін жаяу жүргіншіге лай су шашыратып кеткены үшін жазаға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2025 жылғы 28 желтоқсанда Жаңаөзендегі Бостандық ықшамауданында болған. Соттың анықтауынша, Е. есімді ер адам көлік жүргізіп келе жатып, жол бойындағы лай суды Г. есімді азаматшаға шашыратып кеткен.

Сот бұл әрекетті қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғамдық орында айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту деп бағалаған.

Сот отырысында Mercedes жүргізушісі кінәсін мойындап, өкініш білдірген және айыппұл түрінде жаза тағайындауды сұраған. Оның кінәсі жәбірленушінің түсініктемесімен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, фотоматериалдармен және өзге де дәлелдермен расталған.

Нәтижесінде сот жүргізушіні ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 86 500 теңге айыппұл салған. Қаулы заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью