Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Шымкентте полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзған бейнематериалдар жариялаған TikTok қолданушысын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарияланған бейнежазбаларда ер адам жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, сондай-ақ балағат сөздер айтқан.
Құқықбұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталды. Анықталған деректер бойынша ер адамға қатысты әкімшілік материалдар толтырылды. Сот шешімімен құқық бұзушы сегіз тәулікке қамауға алынды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Шымкент қаласы полиция департаментінің жарияланымы (@police_shymkent)
Полиция әлеуметтік желілерде заңсыз контент жариялау, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу