Жол қозғалысы ережесін 102 рет бұзған: Қостанай облысының полиция қызметкерлері қауіпті жүргізушіні анықтады

10.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қостанай облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында шетелдік тіркеудегі автокөлікті тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақпараттық базалар арқылы тексеру кезінде жүргізушінің жол қозғалысы саласында 102 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Аталған автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Қостанай облысы Полиция департаменті Жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью