Жол сапасы стратегиялық міндет | Qazaq24.com
Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы елдегі жол инфрақұрылымын дамыту мәселесіне арнайы тоқталып, автожолдардың сапасы мен оларды күтіп-ұстауға деген жауапкершілікті күшейту қажеттігін атап өтті.
Президент жол саласында тек көлемге емес, ең алдымен сапаға басымдық беру, бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту керектігін қадап айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Осы бағытта жол саласы мамандары мен салалық ұйымдардың рөлі ерекше.
Атап айтқанда, жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапасын бақылап отырған Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Президент көтерген міндеттерді іске асырудағы негізгі институттардың бірі саналады.
Жол саласының маманының айтуынша, Құрылтайда айтылған талаптар саладағы нақты ахуалмен тікелей байланысты.
– Мемлекет басшысы жол инфрақұрылымы елдің экономикалық қауіпсіздігі мен өңірлердің дамуына тікелей әсер ететінін ашық айтты.
Сондықтан бүгінде жол салудағы басты мәселе – сапа стандарттарының қатаң сақталуы.
Читать полностью
Читать новость