Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Үкімет басшысы барлық автожолдардың нормативтік жағдайын сақтау – басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.
– Жол активтерінің сапасын бақылау үшін жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізу қажет. Бұл саланы цифрлық трансформациялау ісі жоспарлау мен жобалаудан бастап, пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге дейінгі барлық кезеңде басқарудың тиімді құралына айналуға тиіс. Көлік және Жасанды интеллект министрліктеріне, «ҚазАвтоЖол» компаниясы мен Сапа орталығына осы жылдың соңына дейін республикалық, жергілікті және қалалық желілер бойынша деректерді интеграциялап, жолдардың жағдайын, жұмыстардың барысы мен бюджет қаражатының тиімділігін бақылаудың бірыңғай цифрлық платформасы жұмысын қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді О. Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Премьердің айтуынша, бұл объективті жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға және ақауларды дер кезінде жоюға мүмкіндік береді.
Бұған дейін О. Бектенов жолдардың мүшкіл жағдайына қатысты азаматтар шағымы азаймай тұрғанын айтқан еді.
Сондай-ақ, елімізде ақылы жолдар қатарына тағы 6 учаске қосылады. Ақылы жолда ақау анықталса, төлем уақытша тоқтатылады.