Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі автомобиль жолдарын жөндеу жөніндегі мемлекеттік сатып алулар саласында тергеп-тексеру жүргізді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Бірнеше компания "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мемлекеттік сатып алу байқауына картельдік келісім бойынша қатысқан. Мәселе "Бірлік Жол Строй" ЖШС мен "NNC Group" ЖШС туралы болып отыр.
Компаниялар тергеу нәтижелеріне шағымданды, алайда бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар компаниялардың шағымын қанағаттандырудан бас тартты.
"Кейін "NNC Group" ЖШС-нің шағымы бойынша кассациялық сот алқасы сот актілерінің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберді", - деп атап өтті ведомство.
Қайта қарау кезінде соттар тексерілуші тараптың уәждерімен келіспей, департаментті қолдады. Сот процестері екі жылға жуық уақытқа созылды. 2026 жылғы 4 тамызда Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы тергеу нәтижелерін заңды деп таныды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
"NNC Group" ЖШСКомпания жауапқа тартылып, сот шешімімен 92 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекет кірісіне 403 миллион теңгеден аса монополиялық табыс өндірілді.
"Бірлік Жол Строй" ЖШС"Серіктестіктің апелляциялық шағымы Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылды", - деп хабарлады агенттік.
Компания ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Оған табысының 3 пайызы мөлшерінде айыппұл салынып, монополиялық табысы тәркіленді. Компания әкімшілік айыппұлды толық төледі.
Жөндеусіз жөндеу: Қазақстанда жолдарды қабылдаудың даулы ережелері өзгертілді
Тағы оқыңыз: Қазақстанда жол жөндеуге артық 10 миллиард теңге жұмсалмақ болған
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу