Жоламан Биғабыл Азия ойындарының чемпионы атанды

20.09.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан құрамасының өкілі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Финалдық белдесуде Жоламан Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмирза Халимовты жеңіп, Азиада чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшы финалға дейін Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовтан басым түссе, жартылай финалда Индонезия спортшысы Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен жеңді.

Бұл - Жоламан Биғабылдың Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью