Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Пуэрто-Рикодан Чикагоға бағыт алған рейсте төтенше жағдай болды: жолаушылардың бірі ұшақтың апаттық шығу есігін ашуға әрекеттеніп, кейін бортсерікке тап берген. Бұзақыны тоқтатуға аралас жекпе-жектің бұрынғы спортшысы көмектескен, деп хабарлайды Tengri Travel.
Пуэрто-Рикодан Чикагоға бағыт алған рейсте төтенше жағдай болды: жолаушылардың бірі ұшақтың апаттық шығу есігін ашуға әрекеттеніп, кейін бортсерікке тап берген. Бұзақыны тоқтатуға аралас жекпе-жектің бұрынғы спортшысы көмектескен, деп хабарлайды Tengri Travel.
Не болды?Fox 8 хабарлауынша, оқиға Frontier Airlines әуе компаниясының рейсінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушылардың бірі өзін агрессивті ұстап, ұшу кезінде ұшақ есігін ашуға тырысқан. Осыдан кейін ол әуе компаниясының қызметкеріне шабуыл жасап, куәгерлердің сөзінше, оны буындырмақ болған.
Кейінірек әлеуметтік желілерде бірнеше жолаушының жедел қызмет келгенше ер адамды орындықта ұстап тұрғаны түсірілген видеолар тарады.
@abc7chicago Полиция мәліметтері бойынша, жексенбі күні Чикагоға бағыт алған Frontier Airlines рейсі Майами халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болған. Бұған жолаушының апаттық шығу есігін ашуға және кабинаға кіруге тырысқаннан кейін, бортсерікті буындырғаны себеп болды. Құжаттарға сәйкес, бірнеше жолаушы бортсеріктермен бірлесіп, ер адамды пластик кісенмен және қауіпсіздік белдігін ұзартқыштармен байлап тастаған, алайда ол кісенді бірнеше рет үзіп жіберген. #news #chicagonews #chicago #travel #flightdiversion ♬ original sound - abc7chicagoБұзақыны кім тоқтатқан?
Оқиғаға алғашқылардың бірі болып Джош Лонгуд есімді жолаушы араласқан. Оның айтуынша, ол жағдайдың қауіпті болатынын бірден түсінген.
"Мен араласуым керек екенін түсіндім және ешкім зардап шекпеуі үшін мұны қауіпсіз жасай алатынымды білдім", - деді Лонгуд.
Кейін Лонгудтың бұрынғы ММА файтері және бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері екені белгілі болды. Оның айтуынша, ол бұзақы біреуге соқтығыса бастағанша күтіп, содан кейін оны ұстап алған.
"Мен сақадай сай отырдым. Оның бірдеңе бүлдіретінін сезіп, аяғымды дәлізге шығарып қойдым. Сондықтан ол бортсерікке тап берген бойда, мен оны байқап ұстап алып, терезеге қарай тарттым", - деп бөлісті ол.
Лонгудтың айтуынша, ер адам босап шығуға тырысқан, сондықтан оны жарты сағаттай ұстап тұруға тура келген.
Бұзақыны не күтіп тұр?"Майамиге қонар кезде ол сытылып шыға бастады, сондықтан мен жанына отырып, оны жібермедім. Оған айғайлап жатқан ерке бала сияқты қарадым: жай ғана қысып ұстап, істеуім керек нәрсені істедім", - деп қосты Джош.
Ұшақ қонғаннан кейін құқық қорғау органдары 51 жастағы Хуан Габриэль Рейесті ұстады. АҚШ БАҚ-тарының мәліметінше, ер адам әуе компаниясының қызметкеріне шабуыл жасады деген айыппен қамауға алынған. Сондай-ақ одан ФБР агенттері жауап алды. Қазір Рейеске федералды айыптар тағылған, оның ішінде әуе кемесі экипажы мүшелерінің жұмысына кедергі келтіру де бар.
Джош Лонгудтың өзі жолаушының мұндай агрессивті әрекетіне қатты мас болуы себеп болды деп санайды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу