Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Түркияда Текирдағтан Анталияға шыққан жолаушылар автобусы Дешемеалты ауданында апатқа ұшырады. Автобус жолдан шығып кетіп, қоршауды бұзып, сайға аударылған. TRThaber жазуынша, оқиға таңертеңгі сағат 10:20 шамасында болған.
Апат салдарынан 9 адам қаза тауып, 21 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алған. Жол апаты болған сәтте жолдың беті дымқыл болып, тұман түскені хабарланды. Алдын ала болжам бойынша, автобус қауіпсіз жылдамдықтан жоғары жүрген болуы мүмкін. Нақты себеп арнайы техникалық тексерістен кейін белгілі болады.
Жарақат алғандардың ішінде 7 адамның жағдайы ауыр. Екі жолаушының қолы мен аяғына ампутация жасалған, олар Анталиядағы Акдениз университетінің ауруханасына жеткізілді. Кейінірек автобус жүргізушісі алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болып, қаза болғандар саны 9-ға жетті.