Жолаушылар назарына: Алматы әуежайында асфальт жабыны жаңартылып жатыр

20.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматы әуежайының мәліметінше, аталған жұмыстар 4 күн жалғасады және жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүзеге асырылады.

Фото: Алматы әуежайы

- Әуежай аумағында қатынау ыңғайлы болуы үшін жол инфрақұрылымы жаңартылып жатыр. Автокөліктерге кіру және шығу қозғалысы толық қамтамасыз етіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, – деп хабарлады әуе айлағының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайының Т2 терминалының ұшу қабатында, паспорттық бақылау аймағына жақын жерде, ғимарат төбесінде жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстар 10 күн бойы таңғы 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жүргізілді.

Фото: Алматы әуежайы

Сондай-ақ қазір әуежайдың ішкі терминалында жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың айтуынша, аталған жұмыстар шілде айында аяқталуы тиіс. Жоба аясында ішкі терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 миллионнан 7 миллион жолаушыға дейін ұлғаяды. Сонымен қатар 1500 орындық жабық көпдеңгейлі автотұрақ салынып жатыр.

Фото: Алматы әуежайы Фото: Алматы әуежайы
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью