Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ұлыбританияның Йоркшир графтығындағы хайуанаттар бағында қоршау ішіне секірген адамды жолбарыс талап тастады, деп хабарлады Guardian басылымы полицияға сілтеме жасай отырып.
The Telegraph газеті хайуанаттар бағына барған ер адам жолбарыс бар қоршауға секіріп кіргенін, содан кейін оған жыртқыш шабуыл жасап, ауыр жарақат алғанын хабарлады.
"Йоркширдегі хайуанаттар бағында жолбарыс бар қоршауға секіргеннен кейін ер адам қайтыс болды", - деп хабарлады Guardian.
Газеттің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі ер адамның алған жарақатынан көз жұмғанын растады.
БАҚ хабарлағандай, оқиға болардан біраз бұрын ер адам өзінің танысына оны жолбарыспен суретке түсіруді тапсырған.