Жолдағы отшашу мен шашки Қарағандыдағы үйлену кортежі полициядағы тексеріспен аяқталды

15.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы үйлену кортежіне қатысушылардың заңбұзушылықтары бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды Tengri Auto.

Бейнежазбада жүргізушілердің қауіпті маневрлер жасағаны, сондай-ақ сауда орталықтарының бірінің тұрақ аумағында отшашу шашқаны көрінеді.

Тексеру барысында осы әрекеттерге қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Тәртіп бұзушылар жол қозғалысы ережелерін сақтамағаны, сондай-ақ азаматтардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Полицияның баспасөз қызметі жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті сақтау барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін міндетті екенін еске салды. Ведомство қауіпті маневрлер мен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтті.

“Мемлекеттік нөмірсіз, бірақ “мигалкасы“ бар“: Ақтөбеде жүргізуші тротуармен жүрген

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью